24.11- 05.12.2025 жылы “Мәңгілік білім – шексіз таным” атты жалпы білім беретін пәндер– онкүндігі
24 қараша мен 5 желтоқсан аралығында колледжде “Мәңгілік білім – шексіз таным” атты жалпы білім беретін пәндер онкүндігі өткізілді. Онкүндіктің негізгі мақсаты – оқыту процесін жетілдіру, студенттердің пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Студенттердің шығармашылық қабілеттерін, логикалық ойлауын, жеке тұлғалық әлеуетін дамыту, салауатты өмір салтына баулу.Оқытушылардың кәсіби тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету, жаңа әдіс- тәсілдерді енгізу. Пәндер бойынша студенттердің білім сапасын және оқу мотивациясын көтеру.
Онкүндік барысында түрлі пәндер бойынша зияткерлік ойындар, жарыстар, сайыстар, мәдени-танымдық кештер, квест ойыны, психологиялық ойын ұйымдастырылды. Әрбір іс-шара жоғары деңгейде өтіп, студенттердің қызығушылығы мен белсенді қатысуы ерекше байқалды.
24.11.2025 күні онкүндік салтанатты түрде ашылып, жоспар таныстырылып, әртүрлі пәндер бойынша “Кедергі артындағы жауап” атты қызықты сұрақтар қойылған викториналық ойын өткізілді. Білім алушылар белсенділік танытып, топтар арасында тартысты бәсеке болды.
https://zaysan-kollege.edu.kz/kz/q/475-zhalpy-p-nder-birlestigi-onk-ndigini-orytyndy-esebi.html#sigFreeIdef03ae17d6
25.11.2025 күні география пәні бойынша ұйымдастырылған “География әлеміне саяхат” брейн-ринг сайысы студенттердің логикалық ойлауын, картамен жұмыс істеу дағдыларын және жалпы дүниетанымын кеңейтті. Сайысты ұйымдастырған пән оқытушысы Слямханова Ұ.С.
https://zaysan-kollege.edu.kz/kz/q/475-zhalpy-p-nder-birlestigi-onk-ndigini-orytyndy-esebi.html#sigFreeId23f9c03aed
26.11.2025 күні “Көңілді тапқырлар” математикалық сайысы өтті.
Математика пәні бойынша қызықты логикалық есептер мен тапсырмалар ұсынылды. Студенттер топтық жарыс түрінде бақ сынап, өздерінің жылдамдығы мен тапқырлығын көрсетті.Сайысты ұйымдастырған пән оқытушысы Нұрбек Т.
https://zaysan-kollege.edu.kz/kz/q/475-zhalpy-p-nder-birlestigi-onk-ndigini-orytyndy-esebi.html#sigFreeIdd27cc70379
26.11.2025 күні “Түнгі қала” психологиялық ойыны жас мамандар мен орта буын оқытушылары арасында өткізіліді. Колледж психологы ұйымдастырған “Мафия”ойын барысында оқытушылар ойын шарты бойынша тапсырмаларды орындап, коммуникативтік қабілеттерін шыңдады. Өте қызықты әрі тартымды өтті.
Ұйымдастырған колледж психологі Ныгметулла Е.Н.
https://zaysan-kollege.edu.kz/kz/q/475-zhalpy-p-nder-birlestigi-onk-ndigini-orytyndy-esebi.html#sigFreeId521bc75b0f
27.11.2025 күні Ағылшын тілі пәні оқытушысы Делегеева.Ж.А 1 курс студенттері арасында “English for Agriculture” professional skills competition өткізді. Ағылшын тілі пәнінен ауыл шаруашылығына қатысты терминдер мен кәсіби бағыттағы тапсырмалар беріліп, студенттердің тілдік құзыреттіліктері анықталды. Студенттер өз мамандықтарына қатысты бірнеше термин сөздермен танысты.
https://zaysan-kollege.edu.kz/kz/q/475-zhalpy-p-nder-birlestigi-onk-ndigini-orytyndy-esebi.html#sigFreeIdbf2ce9092d
28.11.2025 күні физика пәні бойынша “Көкпар” сайысы ұйымдастырылды. Физикалық заңдар мен тәжірибелерге қатысты сұрақтар мен есептер ұсынылды.Зертханалық жұмыстар орындалды. Студенттер теориялық білімдерімен қатар тәжірибелік ойлау қабілеттерін көрсетті.
Өткізген физика пәні оқытушысы Қайырбекқызы Д.
https://zaysan-kollege.edu.kz/kz/q/475-zhalpy-p-nder-birlestigi-onk-ndigini-orytyndy-esebi.html#sigFreeId18169ad1ee
01.12.2025 күні колледждің мәжіліс залында “Әлия Молдағұлова – батырлық пен ерліктің символы”атты дөңгелек үстел өтті. Тарих пәнінен ұйымдастырылған бұл іс-шарада қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлованың ерлігі мен өмір жолы талқыланды, бейнематериалдар көрсетілді.
Жауапты оқытушы тарих пәні оқытушысы Қонарабаев Д.А
https://zaysan-kollege.edu.kz/kz/q/475-zhalpy-p-nder-birlestigi-onk-ndigini-orytyndy-esebi.html#sigFreeId022af74fce
02.12.2025 күні биология пәнінің оқытушысы Еңсебаева Ғалия “Биология білгірлері” зияткерлік сайысын өткізді. Сайысқа I курс суденттерінен 2 топ қатысты. Студенттер биология пәні бойынша сұрақтарға жауап беріп, биологиялық терминдер мен табиғи құбылыстар туралы білімдерін жетілдірді. Сайыс сабақта ЖИ элементтері ұтымды пайдаланылды. Сайыс нәтижесі бойынша жеңімпаз топтар анықталып, марапатталды.
https://zaysan-kollege.edu.kz/kz/q/475-zhalpy-p-nder-birlestigi-onk-ndigini-orytyndy-esebi.html#sigFreeId9f96b893e5
02.12.2025 күні Дене тәрбиесі пәні мұғалімінің ұйымдастыруымен“Тұлпардай жүйрік” тақырыбында спорттық эстафета ұйымдастырылды. Эстафетада студенттер дене шынықтыру бойынша күш, төзімділік, шапшаңдық сияқты дағдылары бойынша жарысқа түсіп, өз белсенділіктерін таныта білді.
Өткізген дене тәрбиесі пәні оқытушысы Қуандық С.
https://zaysan-kollege.edu.kz/kz/q/475-zhalpy-p-nder-birlestigi-onk-ndigini-orytyndy-esebi.html#sigFreeIde42d4fab41
03.12.2025 күні “Мен қазақпын” атты тақырыпта Жұбан Молдағалиевтің 105 жылдық мерейтойына арналған әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды. Мәдени шарада студенттер ақынның сыр сандығына үңіліп, сарқылмас өлеңдерін жатқа оқыды. Ән, көркемсөз оқу арқылы ұлттық мұраға деген құрметтерін білдірді.Кеш өте әсерлі де мағыналы өтті.
Ұйымдастырып өткізген қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Сабиева Л.Т.
https://zaysan-kollege.edu.kz/kz/q/475-zhalpy-p-nder-birlestigi-onk-ndigini-orytyndy-esebi.html#sigFreeIdf398ebe9c9
04.12.2025 күні Химия пәнінен “Ақыл мен реакция” квест ойыны өтті. Квест ойынында студенттер түрлі станциялардан өтіп, химиялық реакциялар, формулалар және есептер бойынша тапсырмалар орындады. Студенттердің қызығушылығы өте жақсы деңгейде болды. Шараны өткізген химия пәні оқытушысы Ибраева Ж.Н.
https://zaysan-kollege.edu.kz/kz/q/475-zhalpy-p-nder-birlestigi-onk-ndigini-orytyndy-esebi.html#sigFreeId582770d2dd
05.12.2025 күні “Мәңгілік білім – шексіз таным”тақырыбында қорытынды кеш өткізілді. Белсенді студенттер пәндер шеруін өткізіп, дәріптеп өтті. Шағын ойын ұйымдастырылды. Онкүндік салтанатты түрде жабылып, барлық белсенді қатысушыларға алғыс хаттар мен марапаттар табысталды. Қорытынды кешке барлық оқытушылар мен өндірістік шеберлер қатысты.Онкүндік өте жақсы деп бағаланды. Кешті ұйымдастырған бірлестік жетекшісі мен мүшелері.
https://zaysan-kollege.edu.kz/kz/q/475-zhalpy-p-nder-birlestigi-onk-ndigini-orytyndy-esebi.html#sigFreeId9a5534e675
Қорытынды
Онкүндік жоспарға сәйкес толық әрі жоғары деңгейде өтті. Оқытушылардың шығармашылықпен ұйымдастырған жұмыстары мен студенттердің белсенді қатысуы пәндерге деген қызығушылықтың артуына үлкен ықпал етті. Әрбір іс-шара білім алушылардың білімін тереңдетуге, логикалық және сыни ойлауын дамытуға, патриоттық сезімін қалыптастыруға бағытталды. Ұстаздар жаңашыл әдіс-тәсілдерін ортаға салып, білім берудегі озық тәжірибелерімен бөлісті. Көпшілікке ой салған, әсерлі әрі мазмұнды сабақтар жас ұрпақтың білімге деген құштарлығын арттыра түсті.
Осындай мазмұнды іс-шаралар мұғалімдердің кәсіби дамуына жол ашып, студенттердің терең білім алуына мүмкіндік береді. Бірлестік ұстаздарына шығармашылық табыс тілейміз!










