— Ұстаз — қасиетті сөз. Оның қасиетімен бірге атқарар қызметі де үлкен. Сондықтан бұл мамандық бірегей саналады. Егер мұғалім өте беделді болса, онда бұл мұғалімнің әсерінің іздері — кейбір адамдардың бойында өмір бойы қалып қояды. Ұстаздар күні – бұл білімнің шамшырағы, жас ұрпақтың болашағын қалыптастыруға атсалысып жүрген ұстаздарға арналған ерекше мереке.80 жылдық тарихы бар оқу ордасында колледж әдіскері А.С.Нуркенованың ұйымдастыруымен ұстаздарды құттықтау мерекелік концерт ұйымдастырылды. Әсем әндер шырқалып, студенттер ұстаздарына ерекше көңіл күй сыйлады.
https://zaysan-kollege.edu.kz/kz/q/476-stazdar-k-nimen-tty-tau.html#sigFreeId85a5191db9










