КММ «Зайсан технологиялық колледжінде»
«Адалдық сағатының» өткені туралы ақпарат
№ |
Оқу орнының аты |
«Адалдық сағаты» тақырыбы |
Сілтемелер |
1 |
КММ «Зайсан технологиялық колледжі» |
«Туралықты тұғыр еткен Төле би» |
1.https://www.instagram.com/p/CMjBGuSLcpD/?igshid=1wovtfsr9r3x2
2.https://www.instagram.com/tv/CMjCKLnHR8z/?igshid=fzzzctd91nog |
«Туралықты тұғыр еткен Төле би» тақырыбында өткен
«Адалдық сағаты» туралы ақпарат.
2021 жылдың 17, 18 наурыз күндері КММ «Зайсан технологиялық колледжі» топ студенттері арасында «Туралықты тұғыр еткен Төле би» тақырыбында кезекті «Адалдық сағаты» өтті. Студенттер бейне-дәріс және бейнематериалдар барысында Төле бидің тарихи биік тұлға дәрежесіне жетуіне себеп болған тұлғалық қасиеттерімен танысты.
1 курс студенттері топта талқылап, пікір алмасты. Соның негізгілері ел мұратына деген кіршіксіз адалдық, билік айтардағы қара қылды қақ жарған әділдігі, ақиқатты ту етіп көтеруі. Төле бидің өмірлік ұстанымындай болған «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген қағидалы сөзі адалдық пен парасаттылықтың, әділдік пен туралықтың биік өлшемі, яғни ешуақытта мәнін жоймақ емес.. Осы қасиеттер бүгінгі ұрпақ үшін – таптырмас өнеге.
3 курс Д-4 тобының кураторы Ерік Ниғметулла өз тобының ата- аналарын да бейнематериалдармен таныстырды.