Зайсан аудандық сотының төрағасы Б.Н.Мергембаев «Зайсан технология колледжі» КММ қызметкерлерінің және студенттерінің арасында «Еңбек кодексінің талаптары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – баршаның ісі», «Гендерлік саясаттың жүзеге асырылуы, әйел және бала құқығына қатысты халықаралық келісім шарттарының ережелері туралы», «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары,  «Заң үстемдігін қамтамасыз ету – сот билігінің басты міндеті» және «Медиация – бітімгершілік» тақырыптарында семинарлық оқу өткізді.

Соңынан қызметкерлер, студенттер атынан сұрақтар қойылып, жауаптар алынды. Қатысқаны: 41 қызметкер және 173 студент.