Мерейтой облыстық колледж директорларын тіркеуден бастап, кәсіптік сала бойынша ұйымдастырылған көрмені аралаумен жалғасты. Қатысушылар еңбек ардагері А. Кемелбаев атындағы атаулы кабинетке кіріп шықты.
Шара «Кәсіби дағды орталығының» (КДО) ашылуымен жалғасты. Орталықтың лентасын Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Алима Ақылбекқызы, Зайсан ауданы әкімінің орынбасары Қорабаев Ермек Ерланұлы және колледж ардагерлер кеңесінің төрағасы М.З. Қабылов қиды.
Ашылу салтанаты Алима Ақылбекқызының құттықтау сөзімен жалғасты. Өндірістік оқыту шебері А. Жапышева білім алушыларымен бірге шеберлік сабағын көрсетті.
Колледж директоры Е.Т. Сейлханов қатысушыларды «Кәсіби дағды орталығының» (КДО) кабинеттері мен шеберханаларымен толық таныстырып, ақпарат берді.
Іс-шара жылыжайды аралаумен аяқталып, қатысушылар жақсы әсерде қалды.










