Кеңес отырысы колледж директорлар кеңесінің төрағасы С.А. Асқаровтың кіріспе сөзімен ашылды.
🔹 Отырыс Зайсан ауданы әкімінің орынбасары Қорабаев Ермек Ерланұлының құттықтау сөзімен жалғасты.
🔹 ШҚО Кәсіпкерлер палатасының Зайсан аудандық филиалының директоры Абдығалиев Қанат Абдығалиұлы колледждің әлеуметтік серіктестері туралы оң пікірін білдірді.
🔹 Кеңестің күн тәртібі бойынша колледж директоры Е.Т. Сейлханов «Колледжді дамыту стратегиясын талқылау» тақырыбында баяндама жасады.
🔹 Директордың өндірістік оқыту жөніндегі орынбасары А. Сиязбаева «Қытайдың оқу орындарымен халықаралық ынтымақтастықты дамыту» тақырыбында баяндама жасады.
🔹 Арнайы пәндер оқытушысы А. Жайлаубаева «Синьцзян кәсіптік аграрлық-техникалық колледжімен ветеринария саласындағы ынтымақтастық және Зайсан технология колледжінің мүмкіндіктері» тақырыбында баяндама жасады.
🔹 Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Алима Ақылбекқызы кеңес отырысын қорытындылады.
🔹 Кеңес қатысушылары арасында пікір алмасу болды.
🔹 Пленарлық кеңестің соңында қатысушыларға арнайы дайындалған «Зайсан технология колледжіне – 80 жыл» мерекелік төсбелгілері табысталды.
https://zaysan-kollege.edu.kz/kz/zhanaly-tar/473-2025-zhyl-y-23-azanda-zajsan-tekhnologiya-kolledzhini-80-zhyldy-merejtojy-ayasynda-jymdastyryl-an-kolledzh-direktorlar-ke-esini-plenarly-otyrysy-v-korpusynda-ornalas-an-konferentsiya-zalynda-tti.html#sigFreeIda639752d85










