30.05.2025 ж. күні Зайсан технология колледжінде ҚХР Чэнду өнекәсіп және сауда кәсіптік- техникалық колледжінен профессор, қаржы және сауда мененджменті мектебінің декан орынбасары Лин Цзе мен аталған колледждің электротехника факультетінің доценті, декан орынбасары Ли Шаньшан Зайсан технология колледжінің әкімшілік мүшелерімен кездесті. Кездесуде тараптар екі ел колледжінің қызметі жайлы әңгімелесіп, ынтымақтастықтың бағыттары мен болашағынан ой бөлісті. Лин Цзе ханым мен Е.Т.Сейлханов мырза өз колледждері жайлы слайдпен көрсете отырып таныстырды. Шетелдік әріптестер студенттермен де әңгімелесіп, сабақтарына қатысты. Колледждің техникалық базасын аралап, таныстырылды. Нәтижесінде болашақта шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасу мақсатында уағдаластықты бекіткен екі жақты меморандумға қол қойылды.

#қазақстан#қхр#зайсантехнологияколледжі80жыл#чэндуөнеркәсіпжәнесаудаколледжі#екіжақтымеморандум

      Біздің сайтқа хош келдіңіздер!

 

ЗАЙСАН  қ .ЗАЙСАН ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

Әрбір студент өзінен -өзі сұрайды: 9 сынып аяқталғаннан кейін не істеу керек?

Бір жағынан, толық орта білім алғаннан кейін сіз ҰБТ тапсырып, университетке түсуіңізге болады.

Екінші жағынан колледждегі 9-сыныптан кейін оқуға түсу мамандықты меңгеруге мүмкіндік береді.

Біздің колледждің сайты «Зайсан технологиялық колледжінің» қызметі қызықтыратындардың  бәріне арналған. Біздің сайттың парақтарына кірген талапкер,студент, оқытушы немесе кездейсоқ қонақ болсын.

Мұнда сіз колледждің оқу үрдісі туралы біліп қана қоймай, сондай-ақ оның барлық қызметімен таныса аласыз.

Егер сіз талапкер болсаңыз және біздің колледжге түскіңіз келсе,онда сізге сайттың бөлімі Талапкерді көру қажет, оның беттерінен  оқытудың түрлері , мамандықтар туралы біле аласыз.

Егер сіз біздің колледждің студенті болсаңыз,онда студент бөлімінде сіз өзіңізге қажетті және пайдалы ақпарат аласыз;бұл оқу үрдісі сабақтарының кестесі, қосымша оқыту және қызықты қарқынды студенттік өмір және т.б.

 

Тарихы терең, 
тағылымды білім ордасы

1945 жылы 12 наурызда Қазақ ССР  Халықтық Жер өңдеу Комиссариатының Зайсан ауданында бір жылдық мал шаруашылық механизация мектебін құру туралы № 23 бұйрығы шықты. 
1945 жылы тамыз айында осы аталған бұйрыққа сәйкес Қаратал селосында ауыл шаруашылық механизация мектебі ашылды.
1946 жылы 3 тамызда Қаратал ауылынан Зайсан қаласына көшірілді.
1947 жылы 31 мамырдағы Зайсан аудандық коммуналдық мекемесінің шешімі бойынша сол кездегі Ленин көшесіндегі 23 үй және Шегір көшесіндегі 34 үй механизаторлар дайындайтын курстың оқу орны болып берілген.
1953жылы 2 қарашада  Қаз ССР ауыл шаруашылық Министрлігінің №588 бұйрығына сәйкес №19 ауыл шаруашылық механизация мектебі №19 ауыл шаруашылық механизация училищесі болып өзгертілді. Училищеде осы уақыттан бастап тракторист, комбайн жүргізушілері 6 айлық оқу мерзіміне, соңынан 1 жылдық оқу мерзіміне ауыстырылды. 
1962 жылдан бастап училище кең көлемді тракторист-машинист мамандарын 2 жылдық оқыту мерзімімен дайындай бастады. 

 

«ЗАЙСАН ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» КММ

Қазақстан Республикасының Конституциясының мерейлі 25 жылдық мерекесі қарсаңында Зайсан аудандық технология колледжі облыста топ жарып, аудан абыройын асқақтатты.

 « Техникалық және кәсіптік білім беру-2020» байқауында «Үздік» деп танылып, Шығыс Қазақстан облысының әкімі  Д.Ахметовтың қолынан

 34 млн теңгенің сертификатымен марапатталды.

Колледж тарихы терең, тағылымыды білім ордасын басқарып отырған Сейілханов Ерік Тақанұлы мен колледж ұжымын жетістіктерімен құттықтаймыз!

Колледж ұжымына шығармашылық табыс,береке-бірлік тілейміз. Алар асуларыңыз әрқашан биік болсын!

 

«Колледж барысы-2023»

01.12.2023 ж. күні Зайсан қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Зайсан аудандық бұқаралық спортты дамыту орталығы» кешенінде техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының студенттері арасында қазақ күресінен дәстүрлі «Колледж Барысы- 2023» облыстық жарысын өткізді. Жарысты Зайсан технология колледжі ұйымдастырды. 

 Жарысқа облыстың 9 колледжінен 21 спортшы қатысты. Жарыстың құрметті қонақтары - Зайсан ауданы әкімінің орынбасары Рамазанов Ришат Сағибекұлы, ШҚО білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім 

беру бөлімінің бас маманы Ильясова Гульмира Бейсенбаевна, ардагер ұстаз Кемелбаев Амангелді Жұмашұлы жарыстың ашылу салтанатында балуандарға құттықтау сөздерін арнап, сәттілік тіледі. Жарысқа бас төреші Қиямазанов Айдос Тлеубекұлы, бірінші дәрежелі төрешілер Амангелдиев Дархан, Болатов Фархат және Социалов Олжас - бас хатшы төрелік етті.

Балуандар 80 келіден төмен және +90 келі салмақта күш сынасты. Жарыстың қорытындысы бойынша  80 келіден төмен салмақта:

1 орын – Аралбеков Нұрали Аралбекұлы, «Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» КМҚК

2 орын - Демеубеков Ұлан Мұратұлы, «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің жоғары колледжі»;

3 орын – Утунчиев Сәрсенбай Асхатұлы,  «Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» КМҚК

3 орын - Мұратбек Серікжан Серікұлы, «Зайсан технология колледжі» КММ;

90 келіден жоғары салмақта:

1 орын - Арманұлы Асанәлі, «Өскемен жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ  КМК;

2 орын - Батбаяр Бахатбек, «Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» КМҚК; 

3 орын - Асхатов Аслан Қайратұлы, «Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» КМҚК;  

3 орын - Бақытбеков Даниал Алексейұлы, «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің жоғары колледжі»;

Жарыс студенттердің дене шынықтыру және спортпен  тұрақты айналысатындықтарын көрсетеді. Жеңімпаздар медальдармен, облыстық білім басқармасының дипломдарымен, ал бапкерлері Алғыс хатпен марапатталды.  Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды. Жарыста аудандық музыка мектебінің әнші, күйшілері мен аудандық мәдениет үйінің әншілері өнер көрсетті. Жарыс нәтижесі бойынша жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Жеңісті күндер көп болсын, ардақты ағайын!